Accessibility links

Қырғызстанда шерулер өтуде


Бүгін Қырғызстанда наразылық шерулері өтіп жатыр. Оған қатысушылар оппозицияның саяси реформалар жөніндегі талаптарына қолдау көрсетуде. “Азаттық” радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, шерулер Ыстық-Көл, Чуй, Талас және Нарын аймақтарында басталған. “Қырғызстанның жарқын болашағы үшін” оппозициялық бірлестігі тағы бір наразылық акциясы сәрсенбі күні Бішкекте өтеді деп мәлімдеді. Оппозиция мүшелері президент Құрманбек Бәкиевтің биліктен кетуін және кезектен тыс президент сайлауын өткізуді талап етуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG