Accessibility links

Қазақстан жаңа әскери доктрина қабылдады

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстанның жаңа әскери доктринасы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітіліп отыр. Қазақстанның жаңадан әскери доктрина қабылдауына Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайлардың жаңаша түрде сипат алуы мен әлемдік саяси және әскери жағдайдың өзгеруі түрткі болған. Доктринада Қазақстанның айналысындағы жағдайлардың түбегейлі өзгеріске ұшырағандығы сондай ақ аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға әсер ететін жаңа жағдайлардың пайда болуы мен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірерлік факторлардың пайда болғандығы айтылған. Бұл сондықтан сырттан болатын қандай бір қауіп қатерді тұрақты бақылауды қажет етеді делінген әскери доктринада.

Қазақстанның әскери доктринасы басқа елдер мен көршілеріне әскери соғыс қауіпін туғызатын сипатта емес керісінше тек қана өз өзін қорғайтын сипаттағы доктрина болмақ. Қазақстанның әскери доктринасы атты осы құжатта Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін қатаң түрде қорғай отырып сырттан болатын қауіп-қатер түрлері: терроризм, экстремизм, есірткі тасымалы, заңсыз қару-жарақ тасымалы, заңсыз көші-қон секілді қауіп түрлерімен күресті жетілдіретін әскери құрылымдар мен Қарулы күшті жаңа бағытта дамытуға көңіл бөледі делінген. Сондай-ақ құжатта Қазақстан кез келген жанжал, қақтығысты күш қолдану арқылы емес бейбіт жағдайда саяси-дипломатиялық , құқықтық, эконономикалық тетіктерді пайдаланып отырып шешуді жөн санайтындығы айтылған.

Жаңадан қабылданып отырған осы әскери доктринада Қазақстан ұжымдық қауіпісіздік келісім жөніндегі ұйымға мүше елдермен арадағы ынтымақтастықты күшейтуге күш салатындығы айтылыпты.

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі, генерал-майор Әмірбек Төгісовтың пікірінше, әлемде саяси әскери жағдай мүлдем басқаша сипат алып бара жатқан бүгінгі жағдайда Қазақстанның жаңа әскери доктрина қабылдауы құптарлық іс болмақ.

- Қазақстан шекарасынан алыс емес елдерде - Ирақта, Ауғанстанда соғыс өрті әлі тиылар емес, ал АҚШ болса Иранға да қоқан лоқы көрсетуін қояр емес. Осындай саяси жағдайда Қазақстан не істеуі керек? Барлық мемлекеттер өздерінің әскери күш қуаттарын арттыруға аса көңіл бөліп жатыр. Қазақстанның айналасындағы көршілерін алып қарасақ, Ресей мен Қытай, тіпті Өзбекстанға дейін қару-жарақпен мұздай болып құрсанып, қатты қаруланып жатыр. Осындай жағдайда Қазақстан айналысына жәй босқа қарап отыруға болмайды. Ең соңғы үлгідегі қару жарақтармен қарулы күштерді қаруландыруға көңіл бөлуі керек, - дейді әскери сарапшы Ә.Төгісов.

Ал Ауған соғысының ардагері, запастағы полковник Сергей Пашевичтің айтуынша, Қазақстан жаңадан қанша әскери доктрина қабылдаса да бұл жәй айтылған сөз, орындалмайтын құжат қағаз ғана болып қалмақ.

- Өйткені, Қазақстанның қәзіргі қарулы күштерінде жақсы әскери мамандар жеткіліксіз және әскери техникасы тозып кеткен бұның бәрін ретке келтіру бір күнде бір айда тіптен бір жылда бітетін оңай шаруа емес, - дейді ол.

Оның үстіне армиядағы қәзіргі сыбайлас жемқорлық ең жақсы әскери техниканы сатып алуға жол бермейді сонымен әскери доктрина айтылған бір әңгіме болып қалады дейді С.Пашевич.

Ал саясатанушы, Ұлт тағдыры қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің пікірінше, ештен кеш жақсы дегендей, кеш болса да Қазақстан жаңа әскери доктринасын қабылдағаны дұрыс іс болмақ.

- Осы әскери құжатта Қазақстанның ұжымдық қауіпсіздік келісімі жөніндегі ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істейтіндігі жөнінде айтылғанымен, қалайда Қазақстан өзінің әскери айбарлы күшін бөлек ұстауға баса көңіл бөлуі керек, бұл Қазақстанның қаіпсіздігін қорғай алатын бірден бір күш болмақ осы бағытта армияны жаңа әскери техникамен жабдықтау мсәелесі күн тәрібінен түспеуі тиісті, - дейді ол.
XS
SM
MD
LG