Accessibility links

Украинада саяси дағдарыс әлі шешілетін емес


Президент Виктор Ющенко мен бас министр Виктор Януковичтің соңғы келіссөздері нәтижесіз аяқталды. Президент Ющенко парламентті тарату керек, сайлауды мерзімінен бұрын өткізу керек деген шешімнен қайтпаймын деді. Бас министр Янукович және парламент көпшілігі бұған мойынсұнбай отыр. Конституциялық сот президент Ющенконың жарлығын ертең талқылай бастайды. Януковичті қолдаған 20 мыңдай адам бүгін Киев қаласында тағы демонстрация өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG