Accessibility links

Украина президентінің өзі де дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыруда


КИЕВ: Кеше Украинаның Конституциялық соты президент В.Ющенконың Жоғарғы Раданы таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы жарлығының заңға сәйкестігі мәселесін қарауды 11-інші сәуірден 17-сіне қалдырды. Сонымен қатар аталған соттың 18 судьясының 5-еуі бірқатар саяси күштің өздеріне қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ кеше президент В.Ющенко премьер-министр В.Януковичке саяси дағдарысты үйлестірудің балама жоспарын ұсынды. Баспасөз агенттіктерінің ақпары бойынша, В.Янукович пен оның “Аймақтар партиясы” 15 тараудан тұратын осы жоспармен танысып жатыр. Тараптар оны бірлесіп талдағанша, жоспардың мәтінін жарияламау жөнінде өзара уағдаласты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG