Accessibility links

Ресейдің сыртқы істер министрі не АҚШ-қа, не Еуропаға төнген пәлендей қатер жоқ деп есептейді


ЛОНДОН: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров АҚШ-тың зымырандық соққыға қарсы радар жүйесін Польша мен Чехия жеріне орнату жоспарын тағы да сынға алды. Ағылшындардың “Файнэншл таймс” газетінде шыққан мақаласында С.Лавров АҚШ-тың бұл жоспары Еуропаның геостратегиялық пейзажын “айтарлықтай өзгертуі мүмкін” деп жазды. Оның пікірінше, Еуропа құрлығын өзінің “меншікті стратегиялық территориясы” ретінде пайдалануға жол беруге болмайды. Не Еуропаға, не АҚШ-тың өзіне, деп мәлімдейді С.Лавров, “алаяқ” деп аталған мемлекеттерден ұшырылатын зымырандардың төнген пәлендей қатер жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG