Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық реакторын 30 күннің ішінде жабамыз деп айтты


Солтүстік Корея өзінің реакторын алдағы сенбі, 14-сәуірге дейін жаба алмаймыз, бірақ бір айдың ішінде бұл бағыттағы әрекеттерді бастаймыз деп отыр. Американдық NBC телеарнасы бұл жөнінде Солтүстік Кореяның ядролық келісімгерінің АҚШ делегациясының осы елдегі сапары кезінде айтқан сөздерін келтірген. Делегация жетекшісі шектеулі мерзімді өзгертуге болмайтындығы Солтүстік Корея тарабына айтылды деп атап көрсеткен. Солтүстік Корея бұдан бұрын өзінің ядролық бағдарламасын тоқтату туралы мәмілеге көпжақты келіссөздер барысында келген болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG