Accessibility links

Ауғанстанда таяуда қаза болған 6 канадалық жауынгерге қоса тағы 2-еуі қаза тапты


КАНДАГАР: Ауғанстанның оңтүстігіндегі жол бойына орнатылған бомбаның жарылысынан автокөлікпен келе жатқан канадалық 2 жауынгер қаза болып, тағы екеуі жараланды. Канаданың қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бұл оқиға Кандагардың батысындағы жолда канадалық жауынгерлер оның алдындағы жарылыстан бұзылған соғыс техникасына көмекке келген сәтінде болған. Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО-ның басқаруына қарайтын күштердің құрамында шамамен Канаданың 2.5 мыңдық әскері бар.
XS
SM
MD
LG