Accessibility links

Өзбекстанның “мәселесін” Еуропа Одағы алдағы мамыр айында талдауға тиіс


ТАШКЕНТ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос Еуропа Одағы Өзбекстанға қарсы енгізген жазалау шарасын жояды деп үміттенеді. Ол шара 2005-інші жылғы “Әндіжан толқуын” өзбек армиясының аяусыз басып-жаншуынан кейін қабылданған болатын. Ташкентте сапарда жүрген М.А.Моратинос Өзбекстанның таяуда қабылдаған бірқатар шарасы мен ресми Ташкенттің Еуроодақпен арадағы диалогын қайта жалғастыруы нәтижесінде ол жаза тоқтатылуға тиіс деп мәлімдеді. Брюссель ол жазаны жою мәселесін мамыр айында талқылайды.
XS
SM
MD
LG