Accessibility links

Әлем Иранның ядролық бағдарламасынан емес, Иранның ниетінен қорқады


ВЕНА: Иранның уранды байыту бағдарламасы әлі де өзінің бастапқы сатысында тұр. - Атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры М.Әл-Баради осылай деп есептейді. Оның пікірінше, халықаралық қоғам Ирандағы уран өндірісінің ауқымынан емес, Иран басшылығының ниетінен көбірек қорқады. Өткен дүйсенбі күні ресми Теһран уран шикізатын өнеркәсіп деңгейінде байытуға көшкенін мәлімдеген болатын. Батыс елдері Ираннан ядролық қару жасауды көздейді деп күдіктенсе, Иран ондай күдікті түбегейлі теріске шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG