Accessibility links

Болгария соты түркімен оппозиционерін екінші рет Ашхабадқа бермеді


СОФИЯ: Болгария соты түркімен оппозициясының өкілін өз елінде жәбір көре ме деген күдікпен Түркіменстан үкіметіне беруге рұқсат етпеді. Соттың өкілі Елена Бангиеваның “Рейтер” агенттігі келтірген түсініктемесіне қарағанда, болгар соты өз елінде тыйым салынған “Отан” партиясының мүшесі болып табылатын Аннадурды Хаджиев Түркіменстан билігі тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшырай ма деп алаңдаған. Болгария соты А.Хаджиевті осымен екінші рет Түркіменстанға беруден бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG