Accessibility links

Иран президентінің Ауғанстанға қашан сапарға баратыны әлі белгісіз


КАБУЛ: Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад таяу болашақта Ауғанстанға барады. Ол туралы Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Әзірше бұл сапардың нақты уақыты белгіленбеген. Ауған министрлігінің өкілі Сұлтан Ахмат Бахиннің хабарлауынша, Ахмадинеджадтың Кабулға баратын сапарының жай-жапсары – Ауғанстанның сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта мен Иран шенеунектерінің арасындағы келіссөздің басты тақырыбы болды. Осы күні Спанта Иранда сапарда жүр.
XS
SM
MD
LG