Accessibility links

Ирақ парламентіндегі қастандықты АҚШ президенті “демократияға” қарсы шабуыл деп бағалады


БАҒДАД: Халықаралық қоғам Ирақ парламентіндегі террористік қастандыққа наразылығын білдіру үстінде. Кеше Бағдадтың жақсы күзетілетін “Жасыл аймағында” орналасқан Ирақ парламентінің кафесінде жарылыс болып, 8 адам, оның ішінде кем дегенде 2 депутат қаза тапты. АҚШ президенті Дж.Буш бұл қастандықты “демократияның символына” қарсы шабуыл деп бағалап, “Америка Ирақ халқымен бірге болады” деп мәлімдеді. Ирақ парламентіндегі қастандыққа БҰҰ-ы, Ұлыбритания және Араб елдерінің Лигасы наразылықтарын білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG