Accessibility links

ЕҚЫҰ басшысы Өзбекстанды ынтымақтасуға шақырды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Өзбекстанды аталған ұйыммен көбірек ынтымақтасуға шақырды. Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхел Моратиностың мәлімдеуінше, Өзбекстан “белсенді роль атқарса”, оны Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жылы қабылдар еді. Айта кету керек, бұл ұйым 2005-ші жылдың мамыр айындағы Әндіжан оқиғаларына байланысты Өзбекстанға санкциялар енгізген болатын. Ол оқиғада үкімет күштері наразылық танытушыларға оқ атқан соң кемінде 189 адам құрбан болған-ды.
XS
SM
MD
LG