Accessibility links

Борис Березовский Ресейде саяси жүйені өзгертуге шақырады


Ұлыбританиядан саяси баспана алған ресейлік алпауыт Борис Березовский Владимир Путин режимін құлатуға шақырған. Ол "Guardian" газетіне берген сұхбатында өзінің революция тудыру мүмкіндіктерін іздегендігін, Ресейдің саяси жүйесін өзгерту үшін күштің қажет екендігін айтқан. Березовский Ресейде өзінің осындай көзқарасымен келісетін саяси элита бар екендігін және олармен өзінің байланыста болғанын айтады.

- Біз бұл жүйені өзгерту үшін күш қолдануды қажет етеміз, өйткені, біріншіден, бұл режим конституцияға сай келмейді. Мұның мәнісі мен конституциялық режим орнату жолында күш қолдануға шақырып отырмын. Мен Конституция жағындамын, ал Путин конституцияға қарсы, ол авторитарлық жүйе орнатып жатыр, сайлау арқылы ешқандай өзгеріс болмайды, мұндағы жалғыз жол тек күш қолдану.

Ресей тарабынан бұған қатаң да қатқыл жауап беріліп, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Британиядан Березовскийді саяси босқын хұқынан айыруды сұраған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG