Accessibility links

Ресей полициясы 100-ден аса оппозиция белсендісін қамауға алды


Ресей полициясы шеруге қатыспақшы болған 100-ден аса оппозиция белсендісін қамауға алды. Тұтқындалғандардың арасында оппозиция лидері әрі шахмат ойыны бойынша бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров та бар. Бүгін Мәскеуде оппозиция белсенділері билікке қарсы наразылық шараларын өткізуді жоспарлаған тұғын, бірақ қала әкімшілігі оған рұқсат етпеді. Шеруді “Басқа Ресей” коалициясы ұйымдастырмақшы болған. “Азаттық” радиосы орыс қызметінің тілшісі Дима Тарасенковтың хабарлауынша, полиция қызметкерлері оппозиция белсенділеріне шеруге қатысуға мүмкіндік бермеген. Жоспарланған шерудің алдында Мәскеудегі Пушкин алаңына жүздеген арнайы полиция қызметкерлері мен Ішкі істер министрлігінің әскерлері орналастырылды.
XS
SM
MD
LG