Accessibility links

Армения мен Египет президенттері Каирде кездесті


Армения басшысы Роберт Кочарян египеттік әріптесі Хосни Мүбаракпен Иранның ядролық бағдарламасын талқылау үшін кездесті. Мүбарактың өкілі президенттердің, сондай-ақ, аймақтағы және Парсы шығанағындағы даму жағдайларын да талқылауға арқау еткендерін айтты. Бүгін Кочарянның Ислам сүнниттерінің көрнекті тұлғасы ұлы шейх Әл-Ажар Мохаммед Саид Тантауимен кездесуі жоспарланған. Екі елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әділет жүйесіндегі ынтымақтастық, ұйымдасқан қылмыспен күрес саласында бірлесе күресуге бағытталған келісімдерге қол қойылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG