Accessibility links

Әл-Арабия телеарнасы кепілдік тұтқынындағы француздар түсірілген видеотаспаны көрсетті


Екі француз гуманитарлық көмек қызметкері мен үш ауғандық талибандар қолында. Таспадан камераға сөйлеп отырған ер адам, басына ақ орамал салған әйел мен көздері байланған үш адамды көруге болады. Бұның алдында президент Жак Ширақ Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдан тұтқындағы француздарды босатуға көмек беруін сұраған болатын. Жақында Ауған билігі кепілдік тұтқынында болған италияндық журналисті түрмедегі талибандарға алмастырып босатқаны үшін сыналған-ды, ал онымен бірге тұтқынға алынған екі ауғандықты талиптер жазалап өлтірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG