Accessibility links

Ирақта кешегі күні де бірнеше ондаған адам опат болды


Ирақта орын алған қос бомба жарылысында қырық шақты адам мерт болса, тағы көптеген кісі жарақат алды. Бағдадтың оңтүстік-батысындағы Кербала қаласында автобус бекетінде көлік бомбасы жарылып, 40 адамның ажалына себеп болды және 100-деген адам жараланды. Ал Бағдад қаласында жанкештілік жарылыста 10 адам қаза болып, 15-тей адамның жараланғаны турасында хабарланды.
XS
SM
MD
LG