Accessibility links

Ресей президенті В.Путиннің қарсыластары бүгін Санкт-Петербург қаласында шерулер өткізуді жоспарлап отыр


Ал кеше Мәскеуде осындай шеру өткізбекші болып жиналғандардың ішінен 150-дей адамды полиция ұстап әкетті. Оппозициялық топтар коалициясы демократиялық еркіндікке шектеу қойылып жатыр деп есептейді, сол себепті де олар "Келіспейтіндер маршын" өткізбекші болған-ды. Жұма күні Британияда тұратын алпауыт Борис Березовский "Гардиан" газетіне берген сұхбатында Ресейде күш қолдану арқылы төңкеріс жасауға шақырған еді. Британия сыртқы істер министрлігі бұл сұхбаттың мазмұнын зерттеп, тексеріп жатырмыз деп мәлімдеді. Ал Ресей Британиядан Березовскийдің қайтарылуын сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG