Наразылық шарасына қатысып отырған мыңдаған адам президенттік сайлаудың мерзімінен бұрын өткізілуін, және конституциялық реформаларды талап етуде. Сәуірдің 14-і күні шерулер барысында қақтығыс болып, бірнеше адам жараланған болатын. Осыған байланысты оппозициядағы «Қырғызстанның лайықты болашағы үшін» біріккен майданының басшысы бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов ресми билікті айыптады. Ол, сондай-ақ, президент Құрманбек Бакиевті тезарада биліктен кетуге шақырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Крокустегі" теракт
Путин неге Мәскеудегі шабуылға Киев пен Батысты кінәлайды?