Accessibility links

Дүниежүзілік Банктің президенті қызметінен кету ниеті жоқ екенін айтты


Дүниежүзілік Банктің президенті Пол Вулфовиц қызметінен кету ниеті жоқ екенін айтты. Вулфовицтың мәлімдеуінше, ол әлі кедейшілікпен күресетін бұл ғаламдық кредит мекемесін тиімді басқара алады.

“Мен бұл ұйымның миссиясына сенемін және оны жүзеге асыра алатыныма сенемін. Маған қолдау көрсетіп жатқандар көп”, - деді Вулфовиц.

Пол Вулфовицтің жақын қарым-қатынаста болған банк қызметкерлері бірінің жалақысын күрт өсіргеніне байланысты дау шыққан соң, аталған ұйымның мүшелері Вулфовицтен отставкаға кетуді сұраған болатын.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG