Accessibility links

Македонияның бұрынғы İшкі істер министрінің үстінен қылмыстық істі қарау Гаага сотында басталды


Лжубе Босковски 2001-ші жылы этникалық албандарға қарсы шабуылдар жасады деп айыпталуда. Ол және Македонияның бұрынғы полиция ресмиі Йохан Тарсуловскиге адам өлтірді, жеті адамды аса қаталдықпен азаптап өлтірді деп айып тағылуда. Сондай-ақ ол екеуіне 2001-ші жылғы Македония күштері мен Албан көтерілісшілері арасындағы қақтығыста Лжюботен ауылы тұрғындарын азаптады деген айып тағылған. Олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамай отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG