Accessibility links

АҚШ пен Еуроодақ Ресей полициясының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді


АҚШ пен Еуропа Одағы демалыс күндері Ресей полициясының оппозициялық шерушілерге қаталдық көрсеткеніне байланысты алаңдаушылық білдірді. Жексенбі күні Санкт-Петербордағы “Наразылар шеруіне” қатысқан шамамен 120 адам қамауға алынды. Ал сенбі күні Мәскеуде полиция 170 шерушіні тұтқындады. Кейбір наразылық танытушылар жараланды деп хабарланған болатын. Санкт-Петербор губернаторы Валентина Матвиенко оппозициялық шерушілердің соққыға жығылғандығы жөніндегі хабарлар тексерілсін деп тәртіп сақтау органдарына бұйрық берді.
XS
SM
MD
LG