Accessibility links

400-дей адам Нарын облысындағы әкімшілік үйін қоршап, басып алмақшы болды


Қырғызстанның шығысындағы бұл провинцияда шерушілер жергілікті билік ғимаратын шабуылдау әрекеттеріне барған. Олар сәуірдің 15 күні оппозиция белсендісі Бектемір Акуновтың қаза болғанына ашу-ызаларын білдірген. Полиция тұтқындаған Акунов, кейінірек қамау камерасында асылып өлген жерінен табылған деп хабарланды. Ресмилер ол өзін-өзі өлтірді деген қорытынды жасаған болатын. Оппозиция белсенділерінің бірқатары мен жергілікті кейбір ресмилер Акуновты полиция ұрып-соқты деп мәлімдеген. Ол Нарынға Бішкектегі оппозиция шерулеріне қатысқан соң қайтып келген болатын. Бектемірді жерлестері соңғы сапарға бүгін шығарып салады.
XS
SM
MD
LG