Accessibility links

Иранның Ауғанстандағы роліне қатысты АҚШ-тың алаңдаушылығы өсе түсті


АҚШ Иран Ауғанстанға саяси және әскери тұрғыда ықпал етіп отыр деп есептейді. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері бойынша орынбасары Ричард Баучер журналистер алдында сөйлеген сөзінде Иранның көршілес Ауғанстанға теріс әсер етіп, араласып отырғандығының бірқатар белгілері бар деп атап көрсеткен. Ал бұдан бір күн бұрын АҚШ генералы Питер Пейс коалиция жасақтары Ауғанстанда тәліптерге арналған ирандық қару-жарақты қолға түсірді деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG