Accessibility links

Қырғызстан астанасы Бішкекте жағдай тым күрделеніп, ушығып тұр


Кеше негізінен жастардан құралған 2 мыңдай адам Үкімет үйінің сыртына жиналып, президент Құрманбек Бакиевті қызметінен кетуге шақырды. «Азаттық» радиосының қырғыз редакциясы тілшілерінің хабарлауынша, шерушілер ғимаратты таспен атқылағаннан кейін, полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Бұл топ кейінрек Алатоо алаңында наразылық жиынын жалғастырып жатқан оппозицияның мыңдаған қолдаушыларына барып қосылған. Олар мерзімінен бұрын сайлау өткізу, конституциялық реформалар жасау талабын алға тартуда. Президент жанындағы адам хұқтары комиссиясының жетекшісі Тұрсынбек Ақұнның айтуынша, премьер- министр Алмаз Атамбаев İшкі істер министрі Болотбек Ноғойбаевқа шерушілерге қарсы күш қолдануға болмайды деп ескерткен.
XS
SM
MD
LG