Accessibility links

Алматыда 6-шы Еуразиялық Медиа Форум басталды


Осымен 6-шы рет Алматыда басталған Еуразиялық Медиа Форумға әлемнің 40 тай елінен келген 600 ге жуық өкілдер қатысып отыр.

Медиа форумының ашылу салтанатына Қазақстан президенті Н.Назарбаев және Иранның бұрынғы президенті Мохамед Хатами қатысып форумға қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.

Форум жұмысы 3 күнге жалғасады. Форумда таяу шығыс елдернің жағдайы, Иранмен солтүстік Кореадағы ядролық бағдарламалар жайы, ТМД елдеріндегі сөз бостандығы ахуалы сондай ақ Еуразия аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік мәселесі мен құбыр саясаты және жастар жағдайы мен оның БАҚ-қа тигізетін әсері тәрізді тақырыптар талқыланғалы отыр.

Еуразиялық Медиа Форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы, парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның айтуынша бүгінде жер бетінде лаңкестік құрбаны болған бейбіт тұрғындардың саны артып отыр және әлем христиан әлемі мен мұсылман әлемі деген екі топқа жарылып бөлінетін қаупі бар. Сондықтан осылай құрдымға қарай кетіп бара жатқан ‘Титаник‘ кемесі секілді әлемді қалай құрдымнан арашалап аламыз, оның қандай жолдары бар? Осы мәселелерге жауапты осы жолғы Еуразиялық Медиа Форум талқылауы барысында іздестіреміз дейді ол.

Форумның арнайы қонағы ретінде қатысып отырған Иранның бұрынғы президенті Мохамед Хатами әлемде үлкен ғылми мүмкіндіктер бар екендігіне қарамастан мәдени саладағы диалог жолында шарасыздықтың барлығын айтты. Әлем мәдени білімсіздік пен саяси қайшылықтардан болып адасуда, Шығыс Батысты ал Батыс Шығысты дұрыс түсінуден қалды, оны дұрыс түсіндіріп, оқиғаны шынайы жеткізуде ақпарат құралдары өз деңгейіне шыға алмай отыр деді М.Хатами.

Ал Форум қонақтары алдында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Н.Назарбаев 6-шы Еуразиялық Медиа Форумда 3 күн бойы талқыға салынғалы отырған тақырыптар өте маңызды әрі өзекті тақырыптар болмақ деді. Қазақстан Шығыс пен Батыстың, Терістік пен Күнгейдің геосаяси векторлары мен мәдени байланыстары тоғысқан тоғыз жолдың торабындағы ел болғаны үшін әлемде және аймақта болып жатқан түрлі қақтығыстар мен орын алып отырған проблемаларға бейжай қарап отыра алмайды деді Н.Назарбаев. Сондай ақ ол Паластина мен Израйль арасындағы қақтығыстың әлі күнге дейін шешімін таба алмауы сондай ақ Ауғанстан мен Ирақ оқиғаларының бейбіт жолмен шешілудің орнына барған сайын асқынып бара жатуы осы өңірлер мен аймақтарда тұрақсыздық жағдайды туғызып отыр. Ал Иранның ядролық бағдарламасы мәселесіне келер болсақ Қазақстан Иранға күш қолдану арқылы мәселені шешу деген түбінде үлкен қиындықтар мен болжауы қиын жағдайларға апарып соқтырады сондықтан бұл мәселені тек келісөздер мен диалог арқылы бейбіт жолмен шешу оңды деген бағыт ұстанады деді.

Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Евгений Примаков Ирақта қәзір азаматтық соғыс жүріліп жатыр, АҚШ Ирақта үлкен қателік жасады енді бұндай қателікті Иранға қарсы жасаса онда ешкім күтпеген үлкен соғыс өрті басталады, бұл адамзат баласы үшін адам айтқысыз кесірін тигізеді деген пікір айтты.

Бұл пікірмен АҚШ мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары, Азия қоғамының төрағасы Ричард Холбрук өзінің келісетіндігін білдірді.
XS
SM
MD
LG