Accessibility links

Қырғызстан үкіметі оппозициялық шерулердің жалғасуына тиым салды


Қырғызстан үкіметі полиция мен наразылық танытушылардың арасында қақтығыс орын алған соң оппозициялық шерулердің жалғасуына тиым салды. Оппозиция белсенділері сәуірдің 11-нен бері наразылық шарасын өткізуде. Олар президент Құрманбек Бакиевтің қызметінен кетуін және конституциялық реформаларды жүзеге асыруды талап етуде. Ал бүгін таңертең, Қырғызстан қауіпсіздік күштері оппозициялық “Ар-Намыс” партиясының кеңсесінде тексеру жүргізіп, екі тәуелсіз басылымның бүгінгі санын тәркіледі. Сонымен қатар, 24.kg ақпарат агенттігінің Интернеттегі парақшасына кіруге шектеу қойылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG