Accessibility links

Украина президенті саяси теке-тірестен шығудың жолдарын қарастыра бастады


Виктор Ющенко егер ортақ мәмілеге келіп, заң шығарушылар күрделі саяси рефромаларды жүзеге асыра алса, Жоғарғы раданы тарату жөніндегі Жарлығының күшін жоятындығын айтты. Ющенко кеше премьер-министр Виктор Януковичпен кездескен соң, баспасөз-мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Ющенко басты деген 10-12 талап қойды, олардың қатарында - Конституцияның жаңа редакциясын референдум талқысына шығару, сайлау заңына өзгерістер енгізу бар. Ющенко 2-сәуір күні парламентті тарқатып, мамыр айының 27-де жаңа сайлау өткізу туралы Жарлық берген еді. Янукович бұл қадамды заңсыз деп атаған болатын. Конституциялық сот президент Жарлығының заңды-заңсыздығын талқылау үстінде.
XS
SM
MD
LG