Accessibility links

Американың НАСА ғарыш агенттігінің Хьюстондағы ғимаратында екі адам өлді


Техас штатының Хьюстон қаласында ғарыш агенттігінің ғимаратына кіріп кеткен қарулы біреу алдымен кепілдікке алған адамды өлтіріп, соңынан өзін-өзі атқан. Полицияның деректеріне қарағанда, екінші тұтқын зардап шекпеген. Джонсон ғарыш орталығының қызметкерлері бұл атыстан кейін дереу басқа жаққа көшірілді. Шабуыл жасаушы НАСА орталығының қызметкері болды ма, жоқ па - ол жағы әзір анық емес. Джонсон орталығында астронавтар жаттығудан өткізіледі. АҚШ-та Виржиния Техникалық университетінде 32 адамды мерт еткен қанды қырғынға байланысты ұлттық траур жалғасуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG