Кеше Бішкекте Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Марк Перрин де Бричомбаут Қырғызстанда қалыптасқан саяси дағдарыс төңірегінде парламент спикері Марат Сұлтановпен әңгімелесті. Ол сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен де кездесулер өткізуі тиіс. Ал ОБСЕ ұйымының төрағасы Мигуел Ангел Моратинос Қырғызстанды тыныштыққа шақырып, дағдарысты саяси жағдайды келіссөздермен, диалогпен шешуді ұсынды.