Accessibility links

Сирия президенті өзінің билігін нығайту үшін парламент сайлауын өткізуде


ДАМАСК: Бүгін Сирияда 2 күн жалғасатын парламент сайлауы басталды. Бұл сайлау қазіргі президент Башар Әл-Асадтың билігін нығайтуға тиіс. Бақылаушылардың ортақ пікірінше, билік басындағы “Арабтардың қайта өрлеу” немесе Баас партиясының парламенттегі 131 орынға немесе 52 пайыздық дауысқа ие болып, міндетті түрде жеңіске жететініне толық кепілдік жасалған. Сирияда оппозицияға тыйым салынған. Оппозиция сайлауға билік партиясынан басқалардың да жіберілуін және 1963-інші жылы енгізілген “төтенше жағдайды” тоқтатуды талап етеді. Башар - өзінің әкесі Хафиз Әл-Асадтың орнына президент болып 2000-ыншы жылы отырды.
XS
SM
MD
LG