Accessibility links

Палестинада тағы 2 жергілікті азамат қаза болып, 1 еврей жауынгері жеңіл жараланды


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Израиль армиясының Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Наблус қаласында жүргізген тінту операциясының барысында Палестинаның 2 азаматы оққа ұшты. Палестиналық ақпарат көзінің хабарлауынша, экстремистік “Әл-Ақса азап шегушілерінің бригадасы” тобының 2 мүшесі өздерін ұстамақ болған кезде қарсылық көрсеткен көрінеді. Атыс кезінде 1 еврей жауынгері жеңіл жараланған. Ал сенбі күні Палестина территориясында тағы 6 азамат, оның ішінде 17 жастағы бойжеткен қыз оққа ұшты. Бұл – Батыс жағалау мен Газа аумағындағы осы жылы болған ең үлкен қырғын болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG