Accessibility links

Ирақтағы қантөгісті тоқтатуға арналған конференцияға Иранның қатыспауы мүмкін


ТЕҺРАН: Бүгін Иранның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, ресми Теһран Ирақтағы қантөгісті тоқтату тақырыбына арналған халықаралық конференцияға не қатысу, не қатыспау жөнінде әлі тиянақты шешімге келмеді. Министрліктің өкілі Мохаммад Әли Хосейнидің айтуына қарағанда, Иран мен Ирақтың сыртқы істер министрлерінің алдағы аптада өтетін кездесуінен соң нақты шешім қабылдануға тиіс. Мамырдың 1-і мен 4-і аралығында Мысырда өтетін ол конференцияға БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі, Сирия, Түркия және т.б. елдер қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG