Accessibility links

Лондондағы экономикалық форумға Ресей үкіметінің мүшелері аяқ астынан қатыспайтын болды


ЛОНДОН: Бүгін Лондонда Ресейдің экономикалық форумы өз жұмысын бастады. 2 күн бойы кәсіпкерлер мен инвесторлар және саясаткерлер Ресейдегі экономикалық ахуалды және инвестиция салудың мүмкіндіктерін талқылайды. Ресей үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары, орыс баспасөзінің хабарлауынша, Кремльдің нұсқауымен бұл форумға қатысудан соңғы сәтте ғана бас тартты. Бір пікір бойынша, оған Ресей мен Ұлыбритания арасының салқындауы себеп болып отыр, екінші пікірге сәйкес – Кремль С.Петербордағы халықаралық экономикалық формуның мәртебесін жоғары көтеруді қалап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG