Accessibility links

Зымыраннан қорғану жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарын Вашингтон Мәскеумен және Прагамен қарама-қатар талқылайды


МӘСКЕУ: Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Робертс Гейтс Мәскеуде АҚШ-тың зымырандық соққыдан қорғану жүйесінің элементтерін Польша мен Чехияға орналастыру жоспарын Ресей президенті В.Путинмен талдайды. АҚШ дипломаттарының хабарлауынша, Вашингтонмен арадағы ынтымақтасу жоспарын алға тарта отырып Гейтс Кремльді АҚШ-тың осы ниетін қолдауға көндіріп көрмекші. Ал онымен қарама-қатар АҚШ-тың зымырандық соққыдан қорғаныс агенттігінің басшысы Генри Оберинг радар жүйесін орналастыру мәселесін бүгін Прага қаласында Чехия лидерлерімен талқылауға тиіс.
XS
SM
MD
LG