Accessibility links

Франциядағы президент сайлауының 2-нші турына шыққан үміткерлер 3-інші қарсыласының дауыстары үшін күреседі


ПАРИЖ: Франциядағы президент сайлауының екінші турына шыққан үміткерлер Николя Саркози и Сеголен Руаяль – сайлаушылардың көпшілігін өзіне дауыс беруге тарту үшін 2 апталық үгіт-насихат науқанын бастады. Сарапшылардың есебі бойынша, Саркозидің жеңіске жету мүмкіндігі басымырақ, бірінші турда 31 пайыз дауыс жинаған Саркози 26 пайыз дауысы бар социалист Руаяль ханымнан 5 пайыз артық жинады. 2 саясаткер де бірінші турда центристердің өкілі Франсуа Байруға берілген 18 пайыз дауыс үшін күреседі. Президент сайлауының 2-нші туры 6-ншы мамырда өтеді. 1-інші турда сайлаушылардың шамамен 84 пайызы дауыс берді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG