Accessibility links

Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин дүние салды


МӘСКЕУ: Кремьдің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Ресейдің 76 жастағы экс-президенті Борис Николаевич Ельцин - жүрегінің тоқтап қалуынан бүгін қайтыс болды. Оның дүние салуының басқа себептері жайында ештеңе айтылмайды. Белгісіз ақпарат көзіне сілтеме жасаған Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, экс-президент жүректен қайтыс болған көрінеді. Ресейдің коммунистік дәуірден кейінгі бірінші президенті - Б.Ельцин – 2 рет сайлауда жеңіске жетті. Президент тағындағы екінші мерзімінің аяқталуына санаулы ай қалған 1999-ыншы жылдың соңғы күні ол өз ықтиярымен биліктен бас тартты. Сол тұста премьер-министр болып тұрған В.Путин президент құзырын орындауға кірісіп, көктемде президент болып сайланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG