Accessibility links

Мюнхенге қонуға мәжбүр болған грек әуе кемесінде Еуропарламенттің 11 депутаты болды


МЮНХЕН: Грекияның “Олимпик” әуе компаниясының жолаушы ұшағы жарылу қаупінің төнуі салдарынан Германияның Мюнхен әуе жайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақтағы барлық 134 жолаушы қауіпсіз жерге әкетілді. Қазір ұшақты мамандар тексперу үстінде. Хабарға қарағанда, әуе лайнері Афинадан аспанға көтеріле берген кезде, белгісіз біреу полиция телефон соғып, ұшаққа бомба орнатылғанын хабарлады. Жолаушылардың арасында Еуропа парламентінің 11 депутаты бар еді.
XS
SM
MD
LG