Accessibility links

Еуроодақ пен Ресейдің жаңа әріптестік құруына Польша әлі де бөгет қойып отыр


ЛЮКСЕМБУРГ: Польшаның ет өнімдерін экспорттауына Мәскеудің тосқауыл қоюынан туған Еуроодақ пен Ресей арасындағы дау-дамай Ресей мен Еуроодақ басшыларының мамыр айында өтетін кездесуінде талқылануы мүмкін. Ол жөнінде бүгін Еуроодақтың сыртқы қатынастар бойынша комиссары Б.Ферреро-Вальднер хабарлады. Мәскеудің ет экспортына тыйым салуы салдарынан Польша Ресей мен Еуроодақ арасындағы әріптестік туралы жаңа келісім бойынша келіссөзді бастауға бөгет қойып отыр. Бүгін Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Брюссельде жиналып, Иранның ядролық бағдарламасы мен Орта Азия елдерімен арадағы ынтымақтастықты кеңейту бастамасын талқылайды, сондай-ақ Мәскеумен арадағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі бойынша Ресейдің сыртқы істер министрімен келіссөз өткізеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG