Accessibility links

Түркия президенттік сайлауына сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл ұсынылды


Түркия үкіметінің басындағы «Әділет және даму» партиясы президенттік сайлауға сыртқы істер министрі Абдұлла Гүлді ұсынды. Бас министр Режеп Тайып Ердоған сайлауға түспейтін болды, бұл туралы кеше Аңқарада Ердоғанның өзі жариялады. Түркияда президент жалпы бір мерзімге ғана сайланады және жеті жылға сайланады. Қазіргі президент Ахмет Неждет Сезердің өкілеттігі 16 мамырда таусылады. Түркия президенті парламентте сайланады. «Әділет және даму» партиясы парламентте басымдылыққа ие, сондықтан Абдұлла Гүлдің кандидатурасы оңай өтеді деп күтіліп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG