Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы “Чернобыль апатының” 21 жылдығы туралы сөз сөйледі


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін бірқатар ТМД мемлекеті Чернобыль апатының 21 жылдығын атап өтуде. БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ки-Мун осы апаттан зардап шеккен елдерге халықаралық әлеуметтік-экономикалық көмек беруді қайта жалғастыруға шақырды. Оның мәлімдемесінде айтылғандай, радиациямен ластанған аймақтардағы халықтың алаңдамай өмір сүре беруне болатынын ғылым дәлелдеп отыр. 1986-ншы жылдың 26-ншы сәуірі күні Чернобыль атом стансасының 4-інші реакторында болған апаттың салдарынан Украина мен Беларуссияның және Ресейдің талай облысы радиациямен ластанған болатын.
XS
SM
MD
LG