Accessibility links

Қауіпсіздік Кеңесінің мәртебелі делегациясы Сербия лидерлерімен кездесті


БЕЛГРАД: Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі проблемасын талқылау үшін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше барлық 15 елдің ресми өкілдері бүгін Белградта Сербия президенті Б.Тадичпен және серб премьер-министрі Воислав Коштуницамен кездесті. Бұл делегация Косовоға іс жүзінде тәуелсіздік беру мүмкіндігі қарастырылған ұсынысты дауысқа салудың алдынды барлық жақтың пікірін тыңдап көрмекші. Сербия Косовоға тәуелсіздік беруге түбегейлі қарсы. Белградтан кейін Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы Косовоға барады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG