Accessibility links

В.Путиннің пікірінше, кейбір ел “демократияландыру” үндеуін қару етіп алған


МӘСКЕУ: Бүгін Ресей президенті В.Путин Еуропадағы ядролық емес қарулы күштер туралы келісімді тоқтатып қоюға шақырды. Мұндай ұсынысын бүгін Ресей президенті жыл сайынғы жолдауымен Федералдық жиналыста сөйлеген сөзінде жасады. Сонымен қатар В.Путин осы жолдауында: “Ресейдің ішкі істеріне тікелей жағаласуы үшін шет елдерден келетін ақшаның ағыны өсіп барады. Бүгін “демократияландыру” үндеуін қару етіп алған. Сондағы бар көздегені – тек өзінің ғана пайдасы мен мүддесі”, -деп мәлімдеді. Бірақ ол ақшаның нақты қай елден келіп жатқанын Ресей президенті атамады.
XS
SM
MD
LG