Accessibility links

"Хьюман Райтс Уотч" сотталған Иран белсенділеріне араша түсті


АҚШ-та орналасқан "Хьюман Райтс Уотч" адам құқықтарын қорғау ұйымы Иранға қайырылып, алты әйел белсендіге шығарылған үкімді бұзуға шақырды. Алты Иран белсендісі былтыр тиым салынған демонстрацияға қатысқан болатын, сол үшін істі болды. Ол демонстрацияда әйелдерге көбірек құқық беруі талап етілген. Төрт белсенді әйел сол үшін алты ай түрмеге кесілді, бір әйел бір жыл түрмеге кесілді, тағы бір әйел екі жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Хьюман Райтс Уотч ұйымы Иран әйел белсенділерін қудалауды тоқтату керек дейді.
XS
SM
MD
LG