Accessibility links

Америкалық әскер Ирақтан шығарылсын деген заң жобасына президент Буш қол қоймайды


АҚШ президенті Джордж Буштың баспасөз өкілі Дана Периноу АҚШ Конгресінің екі палатасы да америкалық әскер Ирақтан 1 қазанға таман шығарыла басталсын деген заң жобасына президент Буш қол қоймайды, вето құқығын пайдаланады деп жариялады. Дана Периноу Ирақтан әскер шығарылсын деп мерзім белгілеу Америка Құрама Штаттары Ирақта "жеңілді" дегенді білдіреді деп айыптады. Президент Буштың ветосын жою үшін Конгресс депутаттарының үштен екісінің дауысы жиналуы керек, Демократиялық партия мұншама дауыс жинай алмайтын сияқты мәліметтерге қарағанда.
XS
SM
MD
LG