Accessibility links

Шешенстанда Ресей тікұшағы құлады


Шешенстанның оңтүстігінде Ресейдің әскери тікұшағы құлап, 17 адам құрбан болды. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, аты-жөні аталмаған ресмилер тікұшақты Шешенстан соғысушылары Шатой қаласының жанында атып түсірді деген. Хабарларға қарағанда, қаза тапқандардың үшеуі экипаж мүшесі ал қалғандары сарбаздар болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG