Accessibility links

Эстония үкіметінің Таллинндегі Совет әскері ескерткішін басқа жерге көшіруі Ресейдің ашу-ызасын шығарды


Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл әрекетті “адамгершілікке жатпайтын қылық” деп атап, Мәскеудің Эстонияға қарсы шара қолданатынын ескертті. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы президент Владимир Путиннен Эстониямен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастарды тоқтатуды сұрады. Эстониялықтардың көбі ол ескерткішті Совет окупациясының рәмізі деп қабылдайды. Ал Эстониядағы орыстар мен Ресей үкіметі ескерткіштің бұзылуы Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде қаза тапқан совет әскерлерін қорлау деп есептейді. Ескерткіштің басқа бір белгісіз жерге көшірілуіне байланысты орын алған зорлық-зомбылықтан бір адам құрбан болып, кемінде 40 адам жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG