Accessibility links

Сауд Арабиясында соғысушы деп күдіктелген 172 адам ұсталды


Сауд Арабиясындағы ресмилердің айтуынша, елдің қауіпсіздік күштері соғысушы деп күдіктелген 172 адамды қамауға алған. Күдіктілер Сауд Арабия патшалығында жанкештілік шабуылдарды іске асырмақшы болған деп айтылып отыр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұсталған күдіктілердің арасында, Сауд Арабиясының азаматтары мен шетелдіктер бар. Полиция лаңкестікке қарсы шара барысында 32 миллион АҚШ доллары мен көптеген қару-жарақты тәркілегендерін айтып отыр. Бірақ бұл операцияның қашан жүргізілгендігі белгісіз.
XS
SM
MD
LG