Accessibility links

Таллиннде өткен түні полиция мен демонстрацияға шыққан адамдар тағы қақтығысты


Жұрт қала орталығынан Совет әскері қорымының көшірілгеніне наразы. Көшеге шыққандардың көбі орыстар. Олар нацистерге қарсы соғысқан совет әскерінің қорымына тиюге болмайды дейді. Полиция су шашып, резіңке оқ атты. 300-ден астам азамат қамауға алынды, оншақты адам жарақат алды, дейді полиция. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Эстония үкіметінің қимылын айыптады. БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки Мунн тараптарды сабырға шақырды.
XS
SM
MD
LG